Іргелі округіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Іргелі округіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ауданымызға қарасты Іргелі ауылдық округінде биыл екі аудандық және бір облыстық маңыздылығы бар жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ақпаратына сүйенсек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Іргелі ауылындағы Исагулов көшесінде жақын арада жөндеу жұмыстары басталады. Қажетті қаражат бөлінген, бүгінде жолды жасайтын құрылыс компаниялары арасында конкурс ойнатылуда.​ Сондай-ақ, Кемертоған ауылындағы Егемендік көшесінің 0,9 км аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа жасалады.

Мұнан бөлек, Кемертоған ауылы мен Іргелі ауылының солтүстігі жағынан өтетін Рысқұлов көшесінің құрылыс жұмыстарын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізуде.​ Оның жалпы ұзындығы 4,05 км.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях