Инфекциялардың алдын алуға арналды

 Инфекциялардың алдын алуға арналды

2 маусым күні Қарасай ауданынына қарасты Қаскелең шатқалында аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың таралуының алдын алу жөніндегі іс- шараларды атқаруға арналған республикалық семинар өтті. Әр облыстан 2 эпидемиолог- маман шақырылған жиынды ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» ұйымдастырды. Оның барысында қазір өршіп тұрған кене энцефалитіне туралы кеңінен мағлұматтар берілді. Семинарды карантиндік және аса қауіпті инфекциялар мониторингі департаментінің директоры А. Төлеуов ашты. Ол аталған жағдайды алдын алу және оқыс оқиғада арнайы мамандар не істеу керектігін атап өтті. Ал, өз кезегінде Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі А. Ешкенова теориямен шектелмей, кенелерді жинау және зертханаға жеткізудің практикалық үлгісін көрсетті. Осылайша әр облыстан келген қонақтардың білімін пысықтап, өзара тәжірибе алмасуды мақсат еткен республикалық семинар көздегеніне жетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях