Халықаралық Түркі академиясы шығарған кітаптарды енді онлайн түрде еркін оқуға болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Академия сайтында түркі дүниесінің тарихы, әдеби мұрасы мен салт-дәстүрі туралы еңбектер қолжетімді. Онлайн кітаптар қазақ, түрік, әзербайжан, ағылшын, қырғыз, орыс, моңғол тілдерінде жарық көрген. Академияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше бұл онлайн кітапхана үйде оқшауланып отырған әлемнің әр түкпіріндегі түркологтар мен сала мамандарына жаңа зерттеулермен танысуына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, сайтта GLOBAL-Turk, «Алтаистика, түркология, моңғолистика» сынды ғылыми-танымдық журналдардың барлық сандарын оқуға болады.