Ескелді ауданының әкімі тағайындалды

Ескелді ауданының әкімі тағайындалды

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов Ескелді ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды   naqty.kz   желілік басылымы.

Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов 1968 жылы туған, білімі жоғары. Семей қаржы-экономикалық техникумын «мемлекеттік бюджет», Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «қаржы және несие», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талғар қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып бастады.

Әр жылдарда Талдықорған облысы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, Талдықорған облысының Талдықорған ауданы бойынша салық инспекциясының, салық бөлімінің, салық комитетінің бастығы, Алматы облысы Ескелді ауданы бойынша салық комитетінің бастығы, төрағасы, Көксу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, бөлім бастығы, Текелі қалалық қаржы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
2018 жылдың ақпанынан — Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях