Ескелді ауданында көмір тапшылығы жоқ

Ескелді ауданында көмір тапшылығы жоқ

Ескелді ауданы жылыту маусымына дайын. Бұл туралы Ескелді ауданының әкімі Ахметов Елдос Тұрсынбайұлының журналистерге өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Жалпы, аудан орталығы Қарабұлақта 2 орталық қазандық бар. Біреуі орталық газ қазандығы болса, екіншісі Мелькомбинат шағын ауданындағы кіші қазандық. Биыл 36 көпқабатты үй мен 85 бюджеттік сала нысанына жылу берілмек. Жылыту маусымына бюджеттік мекемелерге 454 мың тоннадан астам сұйық, 2180 тонна қатты отын жеткізілген. Яғни, білім, денсаулық және мәдениет саласындағы мекемелер көмірмен толық қамтылған. Ал, ауылдағы әкімдік ғимараттарына қырқүйек айының соңына жеткізу жоспарда бар. Ауданда 8 мектеп арзан отынмен жылытылады. Білім ордаларына 1505 тонна пеллет сатып алынған.

– Аудан тұрғындарына 2022 — 2023 жылдардағы жылыту маусымына шамамен 66 676 тонна қатты отын қажет. Ауданда көмір сатуға арналған бір тұйық бар. Бұл тұйықта «Сауда Көмір» ЖШС-нің «Семей» маркалы көмірі сатылымға қойылды. Сатылатын көмірдің бағасы 14 800 теңге. Аудан тұрғындары ауданда орналасқан тұйықтан ғана емес, сонымен бірге Талдықорған және Текелі қалаларынан да көмір сатып алуда. Қатты отынды уақтылы алу туралы хабарламалар аудандық газетке және әлеуметтік желісінде жариялануда. Бұл мәселе тұрақты бақылауға алынған, — деп атап өтті Елдос Тұрсынбайұлы.

Аудан басшысының айтуынша, аймақта көмір тапшылығы жоқ. Өңірде аудан тұрғындары 35 мың тоннадан астам көмір сатып алған. Тұйықта 700 тонна көмір бар. Брифингте ауданды газдандыру мәселесі де айтылды. Жалпы, аймақтағы 33 елді мекеннің 28-і газдандыруға жатады. Былтыр Қарабұлақ ауылына 1,498 млрд. теңге көлемінде газ тартылған. Биыл Шымыр, Жетісу, Жастар, Жаңалық, Абай, Өтенай, Ешкіөлмес ауылдарына көгілдір отынды жеткізу үшін 7 жобалық құжаттамалық смета әзірленіп жатыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях