Ескелді ауданында игерілмеген жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

Ескелді ауданында игерілмеген жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

          Ескелді ауданында прокурорлар 54 мың гектар жердің пайдаға аспай жатқанын анықтады, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Парламент Палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында жайылымдық жерді тиімді пайдалану өте маңызды екендігін ескертті және пайдаланбай жатқан жайылым жерге қатысты шара қолдануды тапсырды.

Ал, Ескелді ауданында ағымдағы жылдың басынан бері игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, жайылымды арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, аталған ауданда прокурорлар 54 мың гектар жердің пайдаға аспай жатқанын анықтады. Аумақтың 1700 гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. 5 мың гектар жайылым жекенің меншігіне алынып, қоғамдық мақсатта пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде тұрғындарға тиесілі өріс кеңейді. Ал 16 мың гектар жер қайта игеріле бастады. Бұл жұмыстар аудан көлемінде әлі де жалғасын табатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях