Ерекше балаларға арналған салтанатты кеш

Ерекше балаларға арналған салтанатты кеш

Кеше аудан орталығы – Қаскелең қаласында орналасқан, мүмкіндігі шектеулі, психоневрологиялық сырқаты бар балалар мен жасөспірімдерге арналған, «Rakhym» атты реабилитациялық  орталық Тәуелсіздік күніне  орай«Khama park» мейрамхасында  мерекелік кеш өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

[su_custom_gallery source=»media: 14743,14744,14745,14746″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Ауыр тағдырды арқалап жүрген балаларға арналған шараны аталған орталықтың құрылтайшысы Раушан Байтанова бастаған мекеме қызметкерлері ұйымдастырыпты.  Жиын барысында ем қабылдап жүрген балалар өздері концерттік бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынды. Бірі – ән орындаса, екінші өлең оқып, сән көрсетілімін ұсынып, тіпті, билеп те жатты. Бұл кешке балаларын қолдау мақсатында олардың ата-аналары да қатысып, бірге өнер көрсетті.  Сонымен қатар, басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Айтбай Көшкімбаев бастаған бірқатар депуттар, жеке кәсіпкерлер  қатысып, бүлдіршіндердің қуаныштарымен бөлісті.  Келген қонақтар балалардың мерекеге дайындықтарына жақсы деген бағаларын беріп, ізгі тілекпен сыйлықтарын да тарту етті.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях