Енді мектепке жұмысқа орналасу қиындайды

Енді мектепке жұмысқа орналасу қиындайды

Биылдан бастап түлектер мектепке жұмысқа орналасу үшін педагогикалық жоғары білімі туралы дипломының болуы жеткіліксіз. ҚР Білім және ғылым министрі енді олардың қосымша тестілеуден өту арқылы «Педагог» біліктілігін алуға міндеттелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Бұл қалай жүзеге асырылады? Соған тоқтала кетсек. А.Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, бәрі өте қарапайым. Мысалы, төрт жыл бойы математика мұғалімі мамандығын оқыған студент мектепке жұмысқа орналасу үшін Ұлттық біліктілік тестін тапсыратын болады. Тестілеу сұрақтарында математика бойынша мектеп бағдарламасы мен сол пән бойынша сабақ беру әдістемесі қамтылады. Жоғары оқу орнында шын мәнінде төрт курс оқып, қажетті білім алған студенттерге тест тапсыру қиындық тудырмайды.

Министірдің айтуынша, егер түлекетрдің бала оқытуға білімі мен қабілеті жеткіліксіз болса, білім беру ұйымдарына қабылданбайды.

– Бізге сан емес, сапа маңызды. Тиісті деңгейде білімі жоқ түлектер балалармен жұмыс істемеуі керек, – дейді Асхат Аймағамбетов

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях