Енді дизель отынына өтінімді электронды түрде беруге болады

Енді дизель отынына өтінімді электронды түрде беруге болады

Биылдан бастап еліміздегі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі Gosagro.kz-те дизель отынын бөлу функционалы іске қосылды. Яғни, осыған дейін дизель отынын қолданатын шаруалардан жанар-жағармайға қажеттілік туралы өтінім қағаз жүзінде жиналса, ағымдағы жылы электронды түрде алынатын болады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жаңа функционал субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен интеграциялануының арқасында жүзеге асырылды. Басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы автоматтандырылған процесс «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ деректері негізінде алқаптар картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер арқылы автоматты түрде белгіленеді және фермер үшін аgroopen.kz порталында көрсетіліп отырылады. Сонымен қатар, Gosagro.kz-те субсидияларға берілген электрондық шот-фактураларды бұғаттау функционалы іске асырылған. Яғни, бұрын бiр субъектінің бiр маусымда бiрнеше рет субсидияланып кету мүмкін болса, жаңа жүйеде бұл мүмкiндiк мүлде алынып тасталды.
Қазірдің өзінде ауданымыздың егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер ЖЖМ-ға пилоттық режимде өтінім бере алады. Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөлімінің бас маманы Жанболат Жазылбековтың айтуынша, өтінім беруші алдымен Gosagro.kz сайтына кіріп, тіркелу қажет. Шарушылық жайлы барлық ақпаратты көрсеткеннен кейін портал өзі автоматты түрде кәсіпорынға қанша дизель отыны керек екенін көрсетіп, жанар-жағармайға өтінім береді. Өтінімдер 2023 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады.
Айта кетейік, биыл ауданымызға ақпан мен сәуір айларының аралығына 202 теңгеден 263 тонна дизель отыны бөлінген болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях