Елімізде 2 283 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 12 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 2 283 адамда коронавирус індеті расталды.
Науқастар мына аймақтарда тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы — 389, Алматы қаласы — 597, Шымкент қаласы — 82, Ақмола облысы — 104, Ақтөбе облысы — 87, Алматы облысы — 216, Атырау облысы — 75, Шығыс Қазақстан облысы — 87, Жамбыл облысы — 37, Батыс Қазақстан облысы — 97, Қарағанды облысы — 250, Қостанай облысы — 26, Қызылорда облысы — 30, Маңғыстау облысы — 37, Павлодар облысы — 109, Солтүстік Қазақстан облысы — 35, Түркістан облысы — 25.
Осылайша жалпы ел бойынша індетпен ауырғандардың саны 350-ге жетті.