Елбасы бастамаларын қолдаймыз

Елбасы бастамаларын қолдаймыз

Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемен елін кемел келешекке батыл бастап жүрген, алысты болжай білетін көреген саясаткер, бар ісі салмақты байыпты басшы ғана емес, үнемі халықтың қамын ойлап, тиісті жағдайын жасайтын, ерен еңбегімен тәуелсіз мемлекетті ілгері өрлетіп келе жатқан Елбасымыз.

Мұны кеше ғана Республика Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында көтерген тамаша бастамаларынан анық аңғарамыз.

Иә, бұл бастамалардың бәрі де халқымыздың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын әлдеқайда жоғары көтеруге бағытталған. Мәселен, тұрғын үй алудағы, салық салудағы жеңілдіктер, жоғары білім алудың қолжетімділігін, шағын несие беруді кеңейту сияқты мәселелер бүкіл ел-жұрттың көңілінен шығып отыр. Ал, бұған елді газдандыру сияқты ауқымды міндетті қосыңыз.

Осының барлығы да барша қазақстандықтарды өте риза ететін игілікті істер, ізгілігі көп жақсы жай-жағдайлар ғой!

Енді осы бәріміз де толық қолдап, қоштап отырған бастамалардың орындалуы жолында еңбек етіп, тиісті үлесімізді қоса білейік.

Раушан САДЫҚОВА,

Қ. Сәтбаев атындағы мектептің мұғалімі.

Қарасай ауданы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях