«Дикий Арманның» тобындағы 14 адам қамауда отыр

«Дикий Арманның» тобындағы 14 адам қамауда отыр

Бүгінге дейін қаңтар оқиғасы бойынша 35 мыңнан астам жедел-тергеу іс-қимылы жүргізілді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, жалпы саны 766 күдікті тұтқындалды. Басым бөлігі – жұмыссыз, жоғары білімі жоқ 30 жасқа дейінгі жастар.

– Олардың ішінде деструктивті діни ағымдардың 19 жақтаушысы, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі және 113 адам кісі өлтіргені, ұрлағаны, тонағаны және қарақшылық жасағаны үшін сотталды. Мысалы, «Дикий Арман» деп аталатын Жұмагелдиев пен оның тобының 14 мүшесі қамауда. Мұндай адамдардың жоғалтатын ештеңесі болмады және олар әртүрлі қылмыстарға оңай барды, дүкендерді қиратты, тонаумен айналысты, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады, – деді Бас прокурор.

Жалпы, жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы 22 мыңнан астам адам тексерілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях