Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің толық демалуларына, жан-жағын танып-білуіне, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыруға, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, басқа да танымдық тұрғыдан білімі мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатындағы осындай жазғы сауықтырудың жөні бөлек. Сондай ауданымыздағы Сүлеймен Демирел университетінің аумағында орналасқан жазғы лагердің бірі – «SDU SUMMER CAMP» биыл кезекті рет балаларға өз есігін ашты.
Тоғыз ай бойы тәлімгерлерге білім беретін СДУ қалашығы жаз болысымен балаларға арналған демалыс орнына айналады. Студенттер демалысқа шыққан соң босаған жатақханалар, акті залдар, спорт кешені, үйірме сыныптары толығымен лагерь келушілеріне лайықты етіп жабдықталады. Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған демалыс кешенінің мерзімі 1 маусымнан басталып 31 шілде де аяқталады. Айта кетерлігі, мұнда әр кезең сайын түрлі лагерлер жұмыс жасайды. Яғни, әрқайсысы жекелей балалар жинап, қажетті мерзімге СДУ ғимаратын жалға алады. Қазіргі уақытта сондай талаптарға сәйкес жұмыс істеп жатқан лагерлердің бірі – Айналайын. Басталған үш кезеңде 600-ге жуық баланың демалысының дұрыс өтуіне жағдай жасауда. Балалар келген күннен бастап бір ауысымға толықтай іс-шаралар толықтай жоспарланыпты. Лагердің үйлестіру және ұйымдастыруды директоры ретінде тележурналист Жалын Тілеуберген жүргізеді. Жаңашыл жас әрі ізденімпаз басшы шаралардың алуан түрлі болуын басты назарын ұстайды екен. Жалпы, балалар демалу кезеңінде жоғары да айтып өткендей СДУ қалашығындағы студенттер жатақханасында тұрады. Жатын орындары өте ыңғайлы әрі ғимараттың ішіде кең. Әр бөлмеде 3-4 баладан орналасады. Ал, жатақхана астында орналастырылған асхана демалушыларды күніне бес уақыт тамақ тамақтандырады. Оған қоса олардың қосымша қажеттіліктерін алуына аумаңында бірнеше дүкен де жұмыс жасайды. Ал, спорт кешенінде таңғы жаттығу өткізіліп, спорттық өткізіледі. Бұл ұйымдастырылған шаралары келушілердің көңілдерінен шығып жатыр екен. Себебі, бағдарламада қалашық ішінде ғана уақыт өткізумен шектеліп қалмай оларды көршілес Алматы қаласындағы көрікті жерлерге алып барады. Атап айтқанда, Көктөбеге, Медеуге, саябақтарға, «Апорт» ойын-сауық орталығына, тауға жиі серуендеу қалыпты жағдайға айналған.
Мінеки, балалар демалыс сәттерін мазмұнды, мәнді өткізуде. Бұл ауданымыздағы бір ғана Айналайын лагерінің тынысы. Біздің балғындарымыздың өзге де лагерьлерде жазғы демалысты дәл осылай қызықты өткізіп жатқанына еш күмән қалмады. Жазғы демалыс – бала жанын жадырататын шақ қой, шіркін!