Дауға айналған газдың мәселесі: антимонополный комитет 10 күннің ішінде шешім шығарады

Дауға айналған газдың мәселесі: антимонополный комитет 10 күннің ішінде шешім шығарады

Шамалған, Жандосов, Айтей сияқты округтер мен екі саяжайдың тұрғындарының назарлығын тудырған «Сигма-газ» ЖШС компаниясының жұмысына байланысты бүгін Шамалғанның Мәдениет үйінде қоғамдық тыңдалым болды. Халықтың шағымын тыңдап, мәселенің шешімін табу үшін жиынға арнайы табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Гульмира Утегенова, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдар Бошқұлов, аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев пен атамыш компанияның өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жиын барысында алдымен «Сигма-газ» ЖШС-нің экономисті Айнұр Тастимирова сөйлеп, тарифтың көтерілгені газды сатып алып жүрген «КазТрансГаз Аймак» АҚ-ның бағаны көтергендігінен, сондай-ақ тасымалдау, қызмет көрсету жұмыстарының бағасы өскендігінен екенін айтып өтті. Бұған қоса осы жылға арналған жобаларын ұсынып, компанияның барлық шығындарды ескере отырып, жаңа тариф 36 теңге болатындығын мәлімдеді. Бұндай жаңалыққа жиналған қауым үзілді-кесілді қарсы болды.

Екі жақты, әсіресе халықтың қалауын тыңдаған Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдар Бошқұлов бүгін жиында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығы ескеріліп, қажетті органдарға жіберілетін хаттамаға енетіндігін айтты. Оған қоса хаттамаға тариф бағасына мұқият тексеріс қажеттігі және алдағы уақытта газға қосылу жұмыстарына 350 мыңнан жоғары ақы алуға болмайтындығы кіретіндігін де мәлімдеді. Мұнан бөлек Айдар Бошқұлов аталмыш компанияларға газ сататын «Қазақгаз» компаниясына да хаттама жіберіп, онда неге өз тараптарынан баға көтергендіктерін және де газдың сапасы неге нашар екендігін түсіндіруді талап ететіндігін айтты.

Жиын соңында арнайы табиғи монополияларды реттеу департаментінен келген Гульмира Утегенова бүгінгі қоғамдық тыңдалымнан кейін 10 күннін ішінде жаңа тариф бекітілетіндігін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындар бірігіп, жиынға қатысқан прокуратура өкіліне «Сигма-газ» ЖШС-нің үстінен қылмыстық іс қозғау үшін арызданды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях