Кеше «Анаға құрмет» музейінде Қазақстан Журналисттер Одағының лауреаты, «Адам.Дәуір.Медицина» журналының бас редакторы, аталмыш мұражайдың ғылыми кеңесшісі Аршагүл Тойбайдың «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрген «Даланың дана арулары» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Оқырманға жол тартып отырған бұл жаңа жинақ аты айтып тұрғандай, Ұлы даланы мекен еткен ежелгі халқымыздың сонау алыс ғасырларлар тұңғиынан бергі әр кезеңде өмір сүріп, түрлі қоғамдық құрылыстардың дамуына әсер еткен біртуар арулар жөнінде сыр шертеді. Автор тақырыбын дәйектеу үшің кәрі тарих қойнауына өзіндік зерттеу жүргізген. Сөйтіп, өткен шақтағы түрлі тарихи сәттерде ел билеудегі әділдігімен, жерін қорғаудағы ерлік істерімен танылып, есімдері аңызға айналған қыз-келіншектер жайында Аршагүл Серікқызы оқырмандарға қызықты етіп әңгімелейді.
[su_custom_gallery source=»media: 10755,10756,10757,10758″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Осы жиында асқақты әйелдерге арналған автордың кітабының салтанатты лентасын «Анаға құрмет» музейінің негізін қалаушы Бақыт Шпекбаева мен Назымхан апа кесті. Назымхан апа да тарихта өшпестей аты қалған арулардың өміріндегі мұрағаттарын жинақтауға септігін тигізіп жүр. Тіпті ауданымыздағы аналарға арналған мұражайдың іргетасы қаланып жатқан кезінде қосқаным деп бір жылдық зейнетақысы мен түрлі эспонаттарды берген екен. Сонымен қатар, басқосуға жинақтың шығуына атсалысқан «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы Жадыра Тойбаева, орынбасары Нұрымжан Мауытов, кітапқа пікір жазған жазушылар Кәмила Құдабаева мен Бейбіт Қойшыбаев, республикалық тәуелсіз «Ақ босаға» газетінің бас редакторы Шолпан Ұғыбайқызы қатысып, құттықтауларын білдірді.