Д.Қонаевтың 105 жылдығына арналды

Д.Қонаевтың 105 жылдығына арналды

Бүгін, Қарасай ауданына қарасты «Khama park» мейрамханасының аумағында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, ел қамқоры болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл, ал өмірден озғанына 22 тамызда 24 жыл толуына орай ас беріліп, ат шаптырылды. Сонымен қатар, еліміздің танымал тұлғалары, зиялы қауым өкілдері қатысқан жиын барысында Д.Қонаев туралы жазылған бірнеше кітаптың тұсауы кесілді.  Жиналған көпшілік ашық аспан астында алаңға қойылған Д.Қонаев музейі ұйымдастырған көрмені тамашалады. Онда Димекеңнің ел үшін еңбек еткен сан жылдардағы өмірінен сыр шертетін суреттер қойылған. Салтанатты шара барасында сахна төріне шығып сөз сөйлеген құрметті қонақтар оны ұйымдастыруға ұйытқы болған Қарасай ауданының тумасы, генерал-майор А.Шабдарбаевқа алғыстарын айтып,ақ баталарын берді. Ал, қазақ өнерінің жарық жұлдыздарының орындауындағы шағын концерт те көпшілік көңілінен шықты.

Астан дәм татып, құранға қол жайған жиналған қауым мұнан кейін, атшабардағы қомақты жүлделер тігілген бәйгені тамашалады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях