Дүниежүзілік донор күні

Дүниежүзілік донор күні

Дүниежүзілік донорлар күні – 2005 жылдың 14 маусымында ресми қабылданып, бүгін, әлемнің барлық елдерінде аталып өтуде. Түрлі ауруға шалдыққан науқастарға көмек ретінде ұйымдастырылатын бұл шара таң сәріден облыстық қан орталығының Қаскелең қаласындағы филиалында да бастау алды. Жалпы, қан тапсыруға келгендердің жасы 18-ден жоғары. Акцияның алғашқы күні қайырымдылық шарасына ат салысуға түрлі жастағы 100-ге жуық адам келген. Бұл ретте, аудан әкімдігінің аппарат басшысы Мадияр Орынтайұлы бастаған мемлекеттік қызметшілер де іс-шараға бей-жай қарамағанын көрсетті. Яғни, 11 округтің мамандары аталған акция аясында қан тапсыруға өз үлестерін қосты.

Акция барысында жоғары білікті мамандар ең алдымен келушінің қан тобын анықтап, оны түрлі қоздырғыштардан тазалығын тексерді. Белгілі қағидаға сәйкес, кез-келген 18 жастан асқан, әрі салмағы 50 келіден жоғары болатын дені сау азамат қан тапсыра алады. Бірақ, денсаулығына байланысты соңғы төрт айда дәрі-дәрмек қабылдаған, бұрын қандайда бір жұқпалы аурумен ауырған, сондай-ақ, мүгедек жандар мен физикалық тұрғыда шаршап тұрған кісілер донор болуға жіберілмеді. Алайда, жақсы игі іске атсалысқандардың барлығына алғыс ретінде орталықтың атынан естелік сыйлықтар берілді.

Обсуждение: 1 комментарий
  1. Койайдарова Айгерим
    Ответить

    Игі іс

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях