Чемпион атанған қария

Чемпион атанған қария

Бүгінде ауданымыздың атағын шығарып, халықаралық жарыстарда жүлделі оралып жүрген жерлестеріміз аз емес. Қай спорт түрі болса да, кез-келген жас аралығында өзінің мықтылығын көрсетіп, алғашқы орындардың медалін арқалаған азаматтарымыз бар. Мәселен, таяуда, Алматы қаласында жүзуден «Сприн TYRov күресі» атты екінші халықаралық турнирі өткен еді. Оған Жандосов ауылының тұрғыны, жасы 70-ті алқымдаған Ермек Ельгундиев қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жалпы, жүзу мастерлерінің федерациясы ұйымдастырған турнирде, бес мемлекеттен 148 спортшы бақ сынаған. Ермек Бахиұлы 60 пен 70 жас аралығында 50 және 100 метрлік жүзуде қарсыластарын шаң қақтырып, озат атанып, екі алтын медалді қанжығасына байлады.

Адам өмірінде дене шынықтырудың алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы да мықты, өзі де шыдамды болады. Ата-бабаларымыз айтқандай «тәні саудың – жаны сау» демекші, спортшы қариямыз осыны дәлелдеген сыңайлы. Ермек Ельгундиев жүзумен 2008 жылдан бері айналысып келеді. Сол уақыттан бері біршама жарыстарға қатысып, біреуінен де жеңіліспен қайтпаған. Өзінің айтуынша, 2014 жылдардан бастап, Қаскелең қаласындағы «Дельфин» спорт кешеніне барып, өзінің жүзу шеберлегін одан әрі шыңдаған екен. Осы жеңісін ол орталықтың арқасында алғанын мақтанышпен айтып,  оның қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылығын білдіруде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях