ҰБТ-ға дайындық жақсы

ҰБТ-ға дайындық жақсы

Биыл ҰБТ 20 маусымда басталады. Бұл тестілеудің нәтижесі Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына түсу үшін қажет. Ауданымызда да қазіргі кезде бұл жауапты кезеңге деген соңғы дайындық жұмыстары пысықталуда.

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев әкімдіктің үлкен мәжіліс залында ҰБТ-ға қатысатын 46 мектеп директорлары мен тиісті қызмет басшылары бас қосқан жиын өткізді. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары А.Назарбаева мен білім бөлімінің басшысы Г.Такимова сынаққа әзірлік барысы туралы жан-жақты баяндады. Белгілі болғандай, биыл мектеп бітірген 1795 түлектің 1404-і жоғарғы оқу орнына түсу үшін тест тапсырады. Қаскелең қаласындағы Белинский мектебіні ауданымыздағы тестілеу орталығы болып табылады.  Мұндағы дайындық барысы ойдағыдай. Кабинеттер толықтай жабдықталған. Биылғы ерекшелік онлайн көрсетілім болады. Яғни, ата-аналар сырттағы LED-экраннан сынақ барысын байқай алады.

Бұл маңызды науқанда ешқандай қателікке жол берілмеуі керектігін айтқан аудан әкімі балалардың өмірі мен денсаулығы ең басты орында екенін ескертіп, ҰБТ-да сәттілік тіледі.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях