Борышкерлерге бақылау күшейеді

Борышкерлерге бақылау күшейеді

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтардан айыппұл өндіру – қашанда күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі десек, артық айтқандық емес. Өйткені, заңды белшесінен басып, оған немқұрайды қарайтындар арамызда жетерлік. Ал, осы ортақ тәртіпті елегісі келмейтін, және біліп тұрып жасаған қателіктері үшін кесілген жазадан жалтаруды ойлайтындарды құрықтауға қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызу кіріскен.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының тапсырмасының негізінде, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің талаптарын орындау мақсатында, Қарасай аудандық прокуратурасы арнайы жұмыс тобын құрды. Әкімшілік заңнамаларын орындау және салынған айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу мәселесі бойынша құралған топ құрамына Қарасай ауданы прокурорының орынбасары Д.Досмуханбетовтың жетекшілігімен, прокурорлар – Д.Азнагулов, Р.Булгакбаев, Р.Естебек, жергілікті полиция қызметінің басшысы Ә.Мейрамбек, аудандық ІІБ-ның ӘҚБ бастығының орынбасары Қ.Дүйсенғалиев және Алматы облысы бойынша жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының жетекшісі А.Қасенов кірді.

Салыстырмалы түрде алғанда, былтырғы жылмен қатар қарағанда жолда жүру ережесін бұзды деп есепке алынғандар саны биыл азайғанын айтуға болады. Алайда, ол тәртіп сақшыларының жүгін жеңілдетіп тұрған жоқ. Мысалы, осы жылдың І тоқсанында 876 айыппұл салынса, олардың жалпы құны 8430119 теңгеге тең. (Былтыр осы уақытта 1411айыппұл /14157675 теңге.) Қазірге дейін соның 427-сі өндіріліп, 4 078 029,5 теңге мемлекет қазынасына құйылған. Сот қарауына  171-і жіберіліп, 38 темір тұлпар тізгінін ұстаған тұлға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Жоғарыда айтылған жұмыс тобының жоспарын жүзеге асыру мақсатында осы сенбіден, яғни, сәуірдің 29-нан бастап, ауданымызда «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алмақшы. Оның аясында прокурорлар, жергілікті полиция және әкімшілік полиция қызметкерлері және жеке сот орындаушылары рейд жүргізеді. Бұл туралы жақында өткен комиссия отырысында кеңінен сөз болды.

Жалпы, қазірде де, күнделікті жұмыс барысында полиция қызметкерлері тарапынан салынған айыппұлды 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда құқық бұзушыға 50 пайыздық жеңілдік болатыны, төлемеген жағдайда сот орындаушысына жолданатындығы жайлы түсіндірілуде. Ал, әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты салынған айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімі өткен жағдайда, азаматтарға қатысты мәжбүрлеп өндірту шарасы қолданылады. Ол үшін борышкердің құжаттары сот орындаушыларына жолданып, бірнеше қызмет түрлеріне және мүлкіне шектеу қойылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях