Бірнеше рет пышақтап өлтірген. Оқиға Шымкентте болды

Бірнеше рет пышақтап өлтірген. Оқиға Шымкентте болды

Шымкенттегі аяусыз адам өлтіргеннің видеосы желіде тарады. Арты қайғылы оқиғаға ұласқан жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, ал күдікті қамауға алынды, — деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Видеода байқалғандай, екі ер адамның сөйлесіп тұрған. Содан кейін біреуі пышақпен екіншісіне шабуыл жасайды. Жараланған адам қашып кетуге тырысқан, бірақ шабуылдаушы оны ұстап алып, тағы да бірнеше рет пышақ сұғып алған. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Полиция мәліметінше, 27 наурызда Абай аудандық полиция бөлімінің «102» нөміріне Түркістан шоссесінде орналасқан дүкендердің бірінің маңында екі ер адам төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция жасағы, жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар барған. Бүгінде іс бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ер адам тергеу изоляторына қамалды.

«Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркеді. Сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Шымкент ПД баспасөз қызметі өкілі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ауыр қылмыстың себебі қызғаныш болған. Яғни, күйеуі әйелінің көңілдесін өлтірген. Тергеуге байланысты басқа ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях