Бірінші Майдағы учаскелік полицейлер неге Шамалғанда отыр?

Бірінші Майдағы учаскелік полицейлер неге Шамалғанда отыр?

Бірінші Май ауылдық округінің тыныштығына жауапты учаскелік полицейлер бүгінгі таңда Шамалған ауылында отыруға мәжбүр. Бұл мәселе Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтың аталмыш округте өткен есептік жиынында талқыланды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Жергілікті халықтың айтуынша, полиция қызметкерлері отыратын екі бірдей учаскелік пункт бүгінде қараусыз, бос күйінде тұр. Тұрғындар тарапы егер қажетсіз болса елдің игілігіне берілсе деген өтінішін жеткізді. Мәселен, дәрігерлік-амбулатория салынғанын қалайды.

Айтылған мәселе аудан әкімі Жандарбек Ермекұлын да таңғалдырды. Жиынға келген учаскелік полиция қызметкерінің сөзіне сүйенсек, мекеменің электр жүйесі жоқ. Сол себепті олар округке жақын орналасқан Шамалған ауылындағы отыруға мәжбүр.  Жиын барысында осы мәселеге «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның Қарасай аудандық филиалының өкілі Азамат Тезекбаев пікір білдірді.  Оның мәлімдеуінше, Қарасай аудандық Полиция басқармасының иелегіндегі бұл мекеменің электр жүйесі бойынша қарызы бар. Оны толық өтемейінше жарық іске қосылмайды.

Аудан әкімі Жандарбек Далабаев талқыланған мәселені оңды шешуге ықпал ететінін айтты. Ал екінші учаскелік пункт жеке адамның меншігіндегі нысан болып табылады екен. Оның қандай мақсатта қолданылып жатқаны белгісіз.  Келешекте, бәлкім, оны басқа саланы дамыту үшін қолданылу мүмкін.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях