«БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚАРАСАЙЛЫҚТАР ДА ҚОЛДАДЫ (Видео)

«БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚАРАСАЙЛЫҚТАР ДА ҚОЛДАДЫ (Видео)

Осыдан бір апта бұрын Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласы маңында орналасқан Қоянды су қоймасындағы сенбілікке қатысып, жалпыреспубликалық «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бастап берген еді. Бүгін қарасайлықтар да осы акцияны қолдау мақсатында сенбілікке шығып, ауданды абаттандырып, бір кісідей атсалысты. Қаскелең қаласы мен ауданға қарасты барлық ауылдық округтерден 4500 тұрғын сенбілікте өз белсенділіктерін көрсетсе, аудан бойынша 47 гектар жер 55 мың тонна күл-қоқыстан тазартылды, ал, оған 40 техника жұмылдырылғанын да айта кеткен жөн.

«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдаушылардың арасында ұмтылдықтардың белсенділіктері ерекше болды. Олар алдымен Алмалыбақ ауылындағы саябақты қоқыстан тазартып, көше бойын да реттілікке келтірді. Сенбілікке белсене қатысқандардың арасында тұрғындардан бөлек, округ басшысы мен ақсақалдар кеңесінің мүшелері және жастар жағы да бой көрсетті.

Дәл осындай сенбіліктің маңыздылығын қолдайтындардың қатарында Қаскелеңдіктер де болды. Қала басшысы бастаған әкімдік қызметкерлер мен тұрғындардың біразы Қаскелең өзенінің жағалауларын ретке келтіріп, жол жиектерін түрлі керексіз қоқыс қалдықтарынан тазартты. Өз кезегінде қала басшысы Асқар Мұқашев экологияның жақсаруына үлес қосу мақсатында 50 шақты еріктілер мен өзге ұлт өкілдерінің жастары да қатысқанын және акцияның маңыздылығын да айтып өтті.

Осылайша ауданымыз бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарасайлықтар тарапынан да қолдау тауып, белсенді тұрғындар арқасында ауданымыз абаттандырылды. Табиғаттың тазалығы – денсаулықтың кепілі екенін ұмытпайық.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях