Елімізде өткен тәулікте 2122 адам коронавирус індетімен ауыратындығы белгілі болды. Бұл пандемия басталғаннан бері республикада бір тәулік ішінде анықталған рекорд көрсеткіш, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 647, Алматы қаласы – 438, Шымкент қаласы – 66, Ақмола облысы – 48, Ақтөбе облысы – 137, Алматы облысы – 258, Атырау облысы – 110, Шығыс Қазақстан облысы – 42, Жамбыл облысы – 23, Батыс Қазақстан облысы – 112, Қарағанды облысы – 85, Қостанай облысы – 35, Қызылорда облысы – 32, Маңғыстау облысы – 25, Павлодар облысы – 31, Солтүстік Қазақстан облысы – 17, Түркістан облысы – 16
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 251053. Сонымен қатар, Қазақстанда өткен тәулікте 1259 адам коронавирус індетінен сауығып шықты.