Еліміз бойынша өткен тәулікте ПТР арқылы 2 837 адам коронавируспен ауырғаны расталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Індет жұқтырған науқастар мына аймақтарда тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы — 547, Алматы қаласы — 694, Шымкент қаласы — 110, Ақмола облысы — 147, Ақтөбе облысы — 139, Алматы облысы — 205, Атырау облысы — 128, Шығыс Қазақстан облысы — 95, Жамбыл облысы — 73, Батыс Қазақстан облысы — 172, Қарағанды облысы — 234, Қостанай облысы — 30, Қызылорда облысы — 69, Маңғыстау облысы — 57, Павлодар облысы — 54, Солтүстік Қазақстан облысы — 42, Түркістан облысы — 41.
Осылайша Қазақстан бойынша COVID-19 індетімен ауырғандардың саны 303 570-ке жетті.
Ал, 259 863 адам бұл сырқаттан сауықты.