Білім сапасын арттыруға арналды

Білім сапасын арттыруға арналды

Бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев аудан мектептерінің директорлары қатысқан жиын өткізді. Әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өткен жиналыстың күн тәртібінде бір ғана, яғни, ауданымыздағы білім саласының жағдайын талқылап, білім сапасын арттыра түсу мәселесі қаралды.

Басқосу тізгінін өз қолына алған Махаббат Садуақасұлы өскелең ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беру ісіне қашанда жауапкершілікпен қарау маңызды екенін алға тартып, бұл салада да атқарылған жұмыстан қолға алар іс әлі де көп екендігін сөз етті.

Жалпы, жиналыс барысында алдағы ҰБТ-ге дайындық жағдайы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары, тағы да басқа мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалды. Соңында барлық мектеп басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях