Базардағы бақша дақылдарын тексерді

Базардағы бақша дақылдарын тексерді

Қарасай аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, Қаскелең қаласындағы орталық базар аумағындағы «Ақ бидай» сауда орнында «Қауіпсіз тағам таңда» атты жақсы бір акция өтті.

Негізгі мақсаты –  тұрғындардың еш зиянды қоспасыз азық-түлікпен қамтылуын қадағалау болып табылатын шара барысында ұлттық зертхана мамандары экспресс әдіспен еліміздің түкпір-түкпірінен келген көкөністер мен азық-түліктердің құрамындағы нитрат мөлшерін, бал мен шырындардың шынайылығын және барлық тағамдардың микробтық ластану деңгейін анықтап бере алды.

Мамандардың айтуынша, нитрат – барлық тірі ағзада кездеседі. Табиғатта құрамы нитратсыз бірде-бір өнім жоқ. Ол адам ағзасына 70%-ы көкөністерден, 20%-ы судан, 6%-ы ет пен консерві өнімдерінен түседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен ережесінде ағзаға тәулігіне дене салмағына 5 мг нитрат жеткілікті. Яғни, орташа салмақ 70 кг болса, тәулігіне 350 мг нитрат болады. Егер адам ағзасына бір күнде 600-700 мг нитрат түссе, ересек жанның өзі уланады.

Мұндай пайдалы акциядан шет қалғысы келмеген тұтынушылар да, саудагерлер де өз қолдарындағы жеміс-жидектерді ұлттық сараптама орталығының дәрігерлері А.Оразова мен М.Султановаға тексертіп көруге асықты. Қуанарлығы, тексерілген еш өнімнен нитраттың артық мөлшері анықталған жоқ.

Өз кезектерінде аудандық орталық аурухананың эндокринолог және терапевт дәрігерлері Ж.Мырзағалиева мен А.Сапарбекова зиянды химикаттар құрамында болатын азық-түліктің адам ағзасына әсері жайында мол ақпарат беріп, дұрыс тамақтану жолдарын түсіндірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях