Балабақшалар байқауы

Балабақшалар байқауы

Таяуда «Айгөлек» бөбекжайында Елбасының «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» мақаласы аясында аудандағы балабақшалар арасында «Туған жерім – алтын бесігім» атты байқау ұйымдастырылды. Он балабақшаның ұстаздары сынға түскен сайыстың мақсаты – мектепке дейінгі мекемелерде мәдениетті, салт-дәстүрді жаңғырту, отансүйгіштікті нығайту және патриоттық тәрбиенің жарқын көрінісін насихаттау. Жарысқа ұлағатты ұстаз, зейнеткер Азиза Наимбаева, Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Абдуллаева және облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалының оқытушысы Фатима Сағынбекова қатысып, қазылар алқасының орнын алып, қатысушыларға баға беріп отырды.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, олар ең алдымен өздерінің таныстыруларын қара сөз және өлең түрінде жеткізді. Мұнан соң, викториналық сұрақтарға көшті. Бұл кезеңде көптеген командалар өздерін жақсы дайындалып келгендерін дәлелдеді. Өйткені, қазылар алқасы қойған сұрақтарға «Еркенұр», «Брусничка», «Нұр-ай», «Балауса», «Жанерке» және «Бота» барлығына дерлік дұрыс жауап берді. Үшінші «Дәстүрлі салтым – қазақи қалпым…» атты салт-дәстүр көрініс кезеңінде «Еркем-ай», «Ақ көгершін», «Айгөлек», «Сандуғаш» топтарының мұғалімдері өнерлерімен барлығын тәнті етті. Ал, соңғы кезеңде қатысушылар слайдта көрсетілген суреттер бойынша мақал-мәтелдер құрастырып, жарысты. Жалпы, қорытынды бойынша, «Сандуғаш» командасы озат шығып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Жеңімпаздардан аздаған ұпаймен артта қалып, екінші орынды «Еркем-ай» тобы алды. Ал, соңғы жеңіс тұғырының үшінші орнына «Айгөлек» пен «Ақ көгершін» балабақшасының ұстаздары тұрақталды. Жарыс соңында барлығы марапатталып, Алғыс хаттар алды.  

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях