БАКАД маңайындағы инфрақұрылым мәселесі қашан шешіледі?

БАКАД маңайындағы инфрақұрылым мәселесі қашан шешіледі?

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев онлайн форматта өзінің кезекті қабылдауын өткізіп, тұрғындардың тарапынан көтерілген бірқатар мәселелердің шешімін айтып, түрлі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Байланысқа шыққан алғашқылардың бірі – іргелілік Әкім Әзімқұлов БАКАД бойында орналасқан елді мекендерде жолдар жөнделсе, әлеуметтік маңызы бар объектілер салынса, коммуникациялар жүргізілсе өтінішін білдірді. Тоғыз жолдың торабында айналатын аумақ «ҚазМИС» шаруа қожалығы қауымдастығының тұрғындарын жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің жоқтығы да алаңдатады екен. Осының барлығын ескерген аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы мәселеден хабардар екенін,  мұны біржақты шешуге атсалысатынын айтты. Нақтырақ айтқандай, аудан басшысы  аталған шаруа қожалықтарының қауымдастығы елді мекен шекарасынан тыс орналасқандықтан бас жоспарға енгізуді Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасына ұсыныс жолдағанын жеткізді. Егер ұсынысты облыс бекітсе, жергілікті әкімдік ауыл статусын беру бойынша жұмыстар жүргізіп, барлық инфрақұрылымдар кезең-кезеңімен ретке келтірілетін болады. Аудан басшысы бұл мәселенің оңды шешімін табуына, өзінің де мүдделі екенін білдірді.

Сонымен қатар, қашықтан өткен қабылдау барысында Райымбек, Шамалған, Бірінші Май, Жамбыл ауылдық округтерінің және Қаскелең қаласының бірнеше тұрғындары баспанаға қатысты сұрақтарын қойды. Аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы барлығына жауабын беріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында қалай үй алуға болатынын білу үшін аталмыш бөлімнен кеңес алуға шақырды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях