«Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ»

«Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ»

31 шілдеде «Нұр Отан» партиясының ауданындық филиалында «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» жобасы аясында жиын өтті. Онда алдымен үстіміздегі жылы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілетін республикалық қайырымдылық акциясына орай бірқатар округ әкімдері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар, киімдер сыйлап, қамқорлық көрсетті.

Аталған шынайы қайырымдылыққа негізделген ізгі ниетті шараны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Амалбек Ықылас байыпты басқарып, басқосуда аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов өзінің жақсы тілегін білдірді.

Жиын соңында, мұндай игі іске өте риза болған оқушылар мен олардың ата-аналары көңілдері көтеріліп, қайырымдылық жәрдем берген демеушілеріне үлкен алғыстарын айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях