Бағдарламаның берекесі бар

Бағдарламаның берекесі бар

Бүгінде «Шағын және орта бизнесті дамыту» бойынша жұмыстар  ауданда  жүйелі жүргізілуде. Кәсіпкерлікті қолдау мен жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде бірқатар нысандар ашылып, бизнес өкілдерінің саны артқан. Мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланғанның бірі — Қаскелең қаласының тұрғыны Жұлдыз Каирдинова. Ол «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында   556 мың теңге қайтарымсыз грантын иеленіп, шағын ателье ашты. Бүгінде тігіншінің кәсібі өрге домалап, саудасы қызған. Бала кезінен тігін тігіп, мата қиюды жаны сүйетін ол осы істі кәсіпке айналдыруды армандады. Ерекше стильдегі киімдерді тігетін Жұлдыз өз сүйікті ісінен бір сәт қол үзген жоқ. Осылайша, мектеп бітірген соң Алматы технологиялық университетінің дизайн, текстиль және киім технологиялар факультетіне түсіп, үздік тәмамдайды.  Студент кезінде де іс тігуден жалықпады. Тұрмыс құрған соң тігіншілікті жанына серік етті. Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан соң бұл істі мықтап қолға алды. Үйде отырғандықтан тек шағын тапсырыстар қабылдайтын. Сондай күндердің бірінде  ғаламтордан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы жоғарыда аталған бағдарлама аясында грант алуға мүмкіндігі бар екенін оқиды.  Осылайша Жұлдыз кәсіпкерлік негіздері жайында сапалы білім алды. Бизнес-жоспарын дайындап, грантқа ұсынып, бағын сынады. Ондаған жоспарлар ішінен кейіпкеріміздің жоспары үздік танылып, қолдауға ие болды. Жастарға берілетін 556 000 теңге гранттың иесі атанды. Грант қаражатына үш тігуге арналған және  артық жіптерді бір уақытта кесуге және кесіп тастауға мүмкіндік беретін мамандандырылған тігін машинасын сатып алды. Құралдарын сайлап алған Жұлдыз Қаскелең қаласындағы бизнес орталықтардың бірінен орынды жалға алған. Қазірде ол кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың бірі. Тігін ісіне қызығушылығын танытқан қыз-келіншектерге де өз білгенін де үйретіп жүр.

Осылайша,  аудан тұрғындары үкіметтен шағын және орта бизнесті  дамытуға көрсетілген  көмекті  ұтымды  пайдалана білуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях