Бүгін қарасайлық медицина қызметкерлерінің төл мерекесі аудандық мәденеиет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Мерейлі басқосуға аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысып ақ желеңді асыл жандарды атаулы күнмен құттықтады. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы мамандық иелеріне шын жүректен ізгі тілегін білдірді. Аудан басшысы бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздегі мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап айтып. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016-2020 «Денсаулық» бағдарламасындағы аурулардың алдын алу және ерте анықтауға арналған алғашқы көмекті дамыту бағытына тоқталып, тұрғындардың заман талабына сай, қолжетімді медициналық көмек көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуыда екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, елеулі еңбектерін елеп бірқатар мереке иелерін өз атынан денсаулық сақтау саласында қосқан үлесі мен жоғары кәсіби шеберлігін көрсете білген адал еңбектері үшін құрмет грамотасымен мараппаттады. Алғыс пен құрметке бөленген бұл күнде төзімділік пен сенімділікті серік еткен медицина саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, құрмет демалысына шыққан ардагерлердің еңбегі елеусіз қалмай, ерекше құрмет білдіріліп, гүл шоқтары табыс етілді. Мерекелік жиын әрі қарай ақ желеңділерге арналған концерттік бағдарлаға ұласты.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать