Қазнетте «паразит немесе наноробот» бар масканың видеосы талқыланып

Қазнетте «паразит немесе наноробот» бар масканың видеосы талқыланып

Германиялық блогер YouTube-арнасында микроскоп арқылы медициналық масканы түсірген видеосын жариялады. Ер адам маскада талшықтардан бөлек, дем алған кезде қозғалатын қара «жіптерді» байқаған. Видео авторы оны адам ағзасына енетін «паразиттер» немесе нанороботтар болуы мүмкін деп болжаған, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

YouTube-арнадағы роликті қазақстандық желі қолданушылары белсенді түрде талқылап жатыр. Басылым мәліметіне сүйенсек, ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Медициналық маска мен зондта және ПТР-сынамасына биоматериал алу құралында наноботтар бар деген ақпарат 2021 жылдың басында пайда болды. Зондтан алынған талшық күміс реңкке ие және қозғалады. Соған байланысты кейбір желі қолданушылары талшықтар шынымен тірі деп түйіндеген. Алайда синтетикалық талшықтың қозғалысы олардың тірі ағза екенін мүлдем дәлелдемейді. Биоматериал алуға арналған зонд полиэстер немесе вискоздан жасалған. Бұл материалдар статика зарядын жинақтай алады, сол себепті қозғалады. Сонымен қатар жұқа талшықтар адамға байқалмайтын ауа қозғалысынан қозғалуы мүмкін», — деп жазады Stopfake.kz.

Бұған дейін желіде ПТР-сынамасын алу балаларда ми жарақаты қаупін арттырады деген жалған ақпарат тараған болатын.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях