«AZAMATSHA KZ» қоғамдық қоры референдумда белсенділік танытты

«AZAMATSHA KZ» қоғамдық қоры референдумда белсенділік танытты

Қиын жағдайға тап болған көпбалалы аналар мен балаларға көмек көрсетіп келе жатқан Қарасай ауданында орналасқан “AZAMATSHA KZ” қоғамдық қорына тіркелген әйелдер таңертеңнен бері референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда белсенділікпен зор ынта танытуда, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Олар жалпыхалықтық референдумның ел болашағын айқындай түсетін маңыздылығын түсініп, өз дауыстарын беруге келді.

Жалпы, қоғамдық қорға 200-ге жуық нәзік жан тіркелген. Таңертең осы уақытқа дейін 50-ге жуық әйел өз таңдауын жасады.

Сайлауға келушілердің арасында төрт балалы ана Дильбар Садырова, көпбалалы ана Камила Құрбаниязова, жеті баланың анасы, “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан грант алған Ханзат Жүнісова және тағы да басқа белсенді азаматшалар бар.

— Қоғамдық қордағы жандарға үлгі болу мақсатында Қаскелең қаласындағы Абай орта-мектеп гимназиясындағы №422 учаскіге барып, алғашқылардың бірі болып күйеуіміз екеуміз дауыс бердік.Осы орайда бүкіл отандастарымызды жаңа Конституция, жаңа Ата заңмен Жаңа Қазақстанға аяқ басу үшін референдумда дауыс беруге шақырамын. Менің ойымша, қазіргі таңда еліміз жаңа даму үрдісіне аяқ басты, – деді AZAMATSHA KZ қоғамдық қорының директоры Мадина Саутбекова

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях