Жамбылдағы жетістіктер

Жамбылдағы жетістіктер

Шәкіртінің әрбір жетістігі кез келген ұстаздың мерейін өсіретіні анық. Осы жылдың есігін айқара ашып кіргеніміз сол еді, қуаныш үстіне –қуаныш, жеңіс үстіне – жеңіс жалғасып, Жамбыл мектебінде жағымды жаңалықтар көптеп орын алуда. Яғни, 4 оқушы пәнаралық олимпиада  ауданда  абырой биігінен көрініп, тіпті, облыста да жақсы нәтиже көрсетті. Бар білгенін сарқ еткен ұстаздардың еңбегінің жанғаны осы болар, төртеуі де жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ, Жақсылықов Дияс ІІІ орынмен (жетекшісі Г. Төребергенова), Қағазбай Нұралы ІІІ орынмен ( жетекшісі Н. Искандерова),  Нәбиев Орынбасар ІІІ орынмен (жетекшісі Г. Мәлік), Абылхайыр Абылай  ІІ орынмен (жетекшісі Қ. Аманжолов) марапатталды. Жалпы Шолпан Айтқұлқызы басқаратын Жамбыл мектебі білімнің қара шаңырағы, талаптыны талпындыратын, жігерліні жандыратын киелі мекен. Сол себепті, ондағы ұстаздар мен шәкірттердің алар асулары әлі де алда екені сөзсіз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях