Жаңа зауыт ашылды

Жаңа зауыт ашылды

Жаңа жылдың алдында Елтай ауылдық округінде «ALMATY STEKLO» зауыты іске қосылды.

Кәсіпорын орналасқан, 7 га аумақты алып жатқан шағын қалашықта 92 шағын отбасылық пәтер, 27 бөлмелік жатақхана, супермаркет, дәмхана, бильярд залы, мәжіліс орны, 400 адамға арналған, тегін тамақтандыратын асхана, тіпті жеке жылыту қазандығы мен ауыз су мұнарасы да бар. Осылайша, Қытай инвесторларының көмегімен, жетісулық меценаттардың қолдауымен іске қосылып, 350 адамды жұмыспен қамтуды мақсат етіп отырған өндіріс орнында қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мұнда 19 түрлі ұлт өкілдерінен құралған 270 жұмысшы татулықты ту етіп еңбек етіп жатқандығын да атап өтуге болады.

«ALMATY STEKLO» зауытының бас директоры Азим Абдуллаевтың сөзіне сүйенсек, өндіріс орынында қазіргі заман талабына сай, бөтелкелерді әрлеп, өңдейтін, жасайтын ерекше мүмкіндігі бар Қазақстандағы әлі еш жерде жоқ құрылғы орнатылған. Бастапқыда мұнда айына түрлі қалыптағы 10 миллион бөтелке шығару межеленген. Бұдан бөлек мұнда айына 1300 тонна сынған шыныны қайта өңделеді. Яғни, шығынсыз өндіріс те дұрыс жолға қойылған. Кәсіпорын тек еліміз бойынша ғана емес, шетелге де жоғары сапалы шыны ұсынуды, құм, тас сияқты шикізатты тек мемлекет аумағынан тасымалдап, осылайша нағыз отандық өнім өндіруді жоспарлап отыр.

Мұнда конвейерлік жүйе арқылы алдымен, құм қажетсіз заттардан тазартылып шикізатқа айналып, қажетті қоспалар қосылып бөтелкенің негізі жасалады. Сосын ол қалыпқа құйылып, пешке еніп 1200-ден 1550 градуста пісіріледі. Кейіннен күйдіріледі, қосымша термоөңдеуден өтіп, суытылады да ең соңында қаз-қатар жылжыған жап-жаңа бөтелкелер сынбайтындай жинақталып, оралып шығып жатады. Бұдан бөлек, жоғарыда айтып өткеніміздей, шелкография технологиясы бойынша мұнда бөтелкелердің сырты сұранысқа сай әрленіп, тіпті, алтын, күміс, платина сияқты асыл тастардан жазу да жазылады. Мұндай шыны ыдыстардың тек қана сыртқы бейнесі ғана тартымды көрініп қоймайды, сонымен қатар, олар пластик пен тетропакетке қарағанда экологиялық жағдайы жағынан да жақсы заттар болып табылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях