Округ әкімі тұрғындармен кездесті

Округ әкімі тұрғындармен кездесті

Бүгін Береке ауылының Бейсебаев орта мектебінде «Нұр Отан» партиясының Елтай бастауыш партия  ұйымының төрайымы, Елтай ауылдық округінің әкімі Бақыт Жұманбаева «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында тұрғындармен кездесті.

Жиында ең алдымен аймақтың экономикалық дамуы мен әр сала бойынша осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан істер жайлы кеңінен сөз қозғалып, мұнан бөлек, Ұлт жоспарында көрсетілген қадамдарды жүзеге асыру міндеттері талқыланды. Сонымен қатар, «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының  бірінші тарауында көрсетілген мемлекеттік қызмет пен қызмет көрсетуге арналған әр қадам жөнінде аппарат қызметкерлерімен де, жұмыс сапасын арттыру бойынша талқылаулар жүргізіліп, нақты тапсырмалар берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях