«Мейірім ғаламшары» СДУ-да

«Мейірім ғаламшары» СДУ-да

Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирел университетінде бүгін «кермес» ұйымдастырылды. 1998 жылдан бері дәстүрлі түрде өтетін бұл шара –  «Мейірім ғаламшары» ( Планета добра) деген ұранды алға тартқан қайырымдылық жәрмеңкесі. Сондай-ақ, ол күні бойына студенттер мен оқытышуларға көтеріңкі көңіл сыйлап, бір біріне деген бауырмалдылықты арттыруға үлес қосатын көрінеді. Студент қыздардан құралған «Vision» клубы мүшелерінің әзірлеп келген торт, тамақ, кекс сияқты түрлі тәттілер және сусындар сатылымға қойылды. Ал, жиналған ақшаның барлығы түгелдей болашақта қайырымдылыққа жұмсалады. Көп балалы және жалғызілікті аналарға, жетім балаларға және мұқтаж отбасыларға жәрдемдесуді мақсат тұтқан, өздері студент бола тұра жандары жақсылыққа құмар екендігін аңғартқан қыздар биылғы оқу жылынан бастап аукцион арқылы торттарды сатуға кіріскенін, әрі ол әлдеқайда өнімдірек нәтиже көрсететінін айта кеткен жөн.

Бір қызығы қайырымдылық жәрмеңкесінің «Кермес» деп аталуы да тегін емес. Бұл ұғым ежелгі Грек мифологиясындағы сауда- саттықтың өркендеуіне жауапты құдайды еске түсіреді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях