Таэквандошылар турнирі басталды

Таэквандошылар турнирі басталды

Таэквондо спорты елімізге енгеніне аз уақыт болсада, жастардың арасында тез тарап, оған деген қызығушылықтары күннен күнге артуда. Осының бір дәлелі ретінде Қаскелең қаласындағы «Қарасай батыр» спорт кешенінде өткен Қарасай батыр рухына арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирді айтуға болады. Мықтының шеберлігін анықтайтын бұл жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан, қалаларынан, сонымен қатар, Монғолия елінен 800 бала бақ сынауға жиналған. Ал, үш күн аралығында өтетін дүбірлі доданың ашылу салтанатына Қаскелең қаласының әкімі Біржан Нұрлыбаев пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Қамзанов қатысты.

Жарыстың негізгі мақсаты мен міндеті шығыс жекпе-жек спорт түрін дамытып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау болатын. Сонымен қатар, аталған спорт түрі таэквондо әділ қазыларының тәжірбиесін арттыруға, сапа жұмысын жетілдіруге бағытталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях