Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа – 5 жыл

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа – 5 жыл

Бүгін Қарасай ауданында орналасқан Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің бес жылдық шағын мерейтойын атап өтті. Атаулы күнге орай, аудандық сот ғимаратында ұйымдастырылған конференция жұмысына Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр аудандарының, Қапшағай қаласының білім бөліміне қарасты қамқоршы және қорғаншы органдарының мамандары, прокуратура өкілдері, ювеналды полиция тобының инспекторлары, судьялар мен сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Тарихқа сәл шегініс жасап өтсек, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы съезінде Елбасы мемлекетімізде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарды құру туралы бастама көтерген екен. 2008 жылы 2009-2011 жылдары аралығында әділетті ювеналдық құрылымды дамыту туралы Концепция мақұлданды. Сөйтіп, осыдан бес жыл бұрын, Президентіміздің Жарлығына сәйкес, Алматы облысында №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарасай ауданы Қаскелең қаласында құрылған. Бастапқыда аталған сот төрағасы болып Ф.Ф.Абдуллин тағайындалса, 2014 жылдан бүгінгі таңға дейін сотқа Б.Т.Күзембай төрағалық етуде.

Конференция барысында алғашқы болып мінберге шыққан сот төрағасы Берік Тілеуғалиұлы өзі басқаратын органның қызметі жылдан-жылға жетілдіріліп келе жатқанын, істердің саны көбейгенін, бүгінгі таңда сотта қызметтік қарым-қатынас дұрыс жолға қойылғанын, бұл жөнінде ұжымның ұйымшылдығы және еңбек ахуалы дәлел болатынын атап айтты. Нақты деректер келтіргенде, 2012 жылы барлығы 48 қылмыстық, 275 азаматтық,  127 әкімшілік іс қаралса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, азаматтық істер саны 722, әкімшілік  іс саны 419 болған. Осының өзі жұмыстың жыл сайын жүйеленіп, қарқын алып келе жатқандығын айғақтай түссе керек.

Сонымен қатар, басқосу барысында ҚАІІБӘПБ-нің аға инспекторы А.Садыков кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы, Қапшағай қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органының сектор маманы А.Қалиева аталған орган жұмысы жайында баяндама жасап, жақсы мағлұмат берді.

Жиын соңында сот төрағасы Б.Күзембаев біріге белсенді қызмет атқарғандары үшін бірқатар инспекторлар мен мамандарды Мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапаттады. Конференция соңы Азаматтық процессуалдық Кодекстегі өзгерістерді қарастыруға арналған дөңгелек үстелге ұласты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях