Көк тайғақтан құлағандардың қатары көп

Көк тайғақтан құлағандардың қатары көп

Ауа-райының мың құбылып, қыс мезгілінде қармен қабаттаса жауған жауынның салдары көшелерде көктайғақтың пайда болуына әкеліп соқты. Оның ақыры жаяу жүргіншілердің тайып құлап, дене мүшелерін зақымдап, ақ желеңділердің алдына баруына апарды.

Аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Анель Тұрсынқызының берген мәліметіне қарасақ, биылғы жылдың алғашқы күні мен 9-ы аралығында қабылдау бөліміне 194 тұрғын жолда құлап, түрлі жарақатпен келіп түскен. Әсіресе, 3 қаңтарда мұзға құлап, майып болғандардың қатары қалың, яғни, 28 адам.

Тіпті бүгіннің өзінде, түске дейін әртүрлі жастағы 4 қаскелеңдік азамат аурухананың жарақат таңу бөлімшесінің көмегіне жүгініп үлгерген екен.  Оның бірінің миына зақым келсе, екіншісінің оң аяғындағы үлкен саусағының тырнағы ажырап кеткен. Ал, тағы екеуі оң жақ білегі мен сол жанбастарын қатты зақымдап алған екен. Оларға тиісті медициналық қызмет түрі көрсетіліп, үйлеріне қайтарылған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях