«ЭКСПО-2017» билеттері сатылымда

«ЭКСПО-2017» билеттері сатылымда

Бүгінгі күні біз тарихи оқиғаның қайнар көзі – «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық үстіндеміз. Еліміз үшін маңызы зор айтулы шараның ашылуына үш айдан астам уақыт қалды. Қазірдің өзінде жүзден аса мемлекет өздерінің көрмеге қатысатындықтарын растады.

«Болашақтың энергиясы» деген ұранды алға тартқан бұл шара өз шеңберінде арнайы күндерді де қарастырған. Сондай-ақ, бағдарламада мәдени және думанды мерекелер ұйымдастыру жоспарға енген. Атап айтсақ, 10 маусым — көрменің ашылу күні, 6шілде — Астана күні, 10 қыркүйек — жабылу салтанатын ерекше өткізу көзделіп отыр.

Барлық билеттерді электронды түрде «tickets.expo2017astana.com» ресми сайтынан алуға болады. Ал, олардың құны жұмыс күндері 4000 теңгеге, демалыс күндері 6000 теңгеге бағаланса, ал, жоғарыда аталған арнайы күндерге билет бағасы әзірге қойылмаған.

Тағы айта кететіні, көрмеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар және алты жасқа толмаған балалар ақысыз кіре алады. Өз кезегінде зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер мен оқушыларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Жоғарыда аталған көрме бойынша қосымша ақпаратты «tickets.expo2017astana.com» сайтынан көре аласыздар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях