Атақты ақынмен кездесті

Атақты ақынмен кездесті

Кеше аудан орталығы – Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте қазақтың үлкен ақыны, әрі сазгер, драматург «Платиналы Тарлан» сыйлығының, сондай-ақ, Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың иегері Исраил Сапарбаймен кездесу болды.

Мектеп әкімшілігінің қолдауымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл бас қосу қызықтылығымен, тартымдылығымен, мазмұндылығымен қатысушыларды риза етті.

Кездесу барысында оқушылар ақынның керемет өлеңдерін оқып, халыққа кеңінен танымал тамаша әндерін айтты.

Ал, Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты, «Парасат» орденімен марапатталған И.Сапарбай оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, адамдық, адалдық, имандылық туралы, шығармашылық жолы жайында әсерлі әңгімеледі.

Соңынан мектеп директоры Қорлан Тұрсынова халықтық дәстүрімен ақынның иығына шапан жапты. Айтпақшы, шайыр өз кезегінде мектеп кітапханасына өлең кітаптарын тарту етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях