Аналар құрмет биігінде

Аналар құрмет биігінде

Көктем мезгілі өзімен бірге көтеріңкі көңіл-күй, мейрам ала келді. Мысалы, бүгін ауданымызда орналасқан «Анаға құрмет» музейінде ұйымдастырылған кеште ақ жаулықты аналарды, қыз- келіншектерді мейрамдарымен құттықтауды мақсат тұтқан еді. Аталған мұражай ұжымы жүзеге асырған шараға Қарасай аудандық мәдениет бөлімі де қолдау көрсетті. «Ана өмір шуағы» деген атпен өткен концерттік бағдарламаға арнайы қонақтар да шақырылған. Солардың бірі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Аршагүл Серікқызы дайындап келген баяндамасымен таныстырды. Ол тарихымызға терең бойлап, қайсар да қажырлы, дана әйелдерді тілге тиек етіп, бірқатар ерліктерін көпшілікке жеткізді. Осы музейдің іргетасының қалануына атсалысқан Бақыт Жатқанбайқызы да жылы лебізін білдірсе, ал, ақын Надежда Лушникова өз өлеңін арнады. Әсіресе, Елбасы ата- анасының өкіл қызы Бану Жұрымбаеваның сыйлығы ерекше есте қаларлықтай болды. Ол Әлжан (Президенттің анасы) анамыздың қолынан шыққан қоржын және түскиізді тарихи мекенге тарту етті. Құттықтау сөздерден кейін концерт көркін Алматы энергетика коледжінің ұстаздары мен әнші қыздары келтірді. Сонымен қатар Алматы көпбалалы жанұялар одағының өкілдері де жиналған көпшілікке өз өнерлерін паш етті.

Концерттік бағдарлама соңында «Анаға құрмет» мұражайының директоры Бақыт Естемесова  сөз алып, қонақтарды көктем мерекесімен құттықтады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях