Қамқорлық жасаған концерт

Қамқорлық жасаған концерт

Бүгін республикалық «Қамқорлық» акциясының аясында, Үшқоңыр ауылындағы орта мектепте, қатерлі ісік дертіне ұшыраған 3-ші сынып оқушысы Абылай Асылбекұлына көмек қолын созып, қолдау көрсету мақсатында «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концерті өтті.

Ең алдымен сахнаға мектеп директоры Маржанкүл Зейнеденова шығып, жиналғандарға ізгі тілегін айтып, Абылайға қол ұшын берген жандарға алғысын білдірді. Мұнан кейін, мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Осы концерт барысында сахна төрінің оң жақ бетінде орналасқан Абылайдың емделуіне арналған жәшікке ата-аналар, оқушылар, мектеп мұғалімдері ігі істен шетте қалмас үшін шын пейілдерімен қолдарынан келген көмек қаражаттарын салды. Сонымен қатар, Алматы қаласынан келген «Нұрлы жүрек» еріктілер тобының мүшесі Әлия Жапарбекқызы да науқас баланың анасымен тілдесіп, өз тарапынан жәрдем беретінін алға тартты. Жалпы, қазір ауыр дертке шалдыққан Абылайдың жағдайы күннен күнге күрделеніп, қан қысымы көтеріліп, денесінде көгерген дақтар пайда болуда. Осыған орай, осы айдың 20-да ол Түркияға барып, тексеруден өтеді. Одан кейін ем қабылдау үдерістері басталмақ.

Ал, концерт соңында мұндай игі іс-шараның өтуіне түрткі болып, ұйымдастырған мектеп ұжымына Абылайдың анасы Анаргүл Белекей алғысын айтып, өз ризашылығын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях