Ауызбіршілік болса алынбайтын қамал жоқ

Ауызбіршілік болса алынбайтын қамал жоқ

Аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің есепті-кездесу жиыны бүгін Бірінші Май және Жандосов округтерінде жалғасын тапты.

Таңертең аудан әкімі Махаббат Бигелдиев өзінің орынбасарларымен және тиісті қызмет басшыларымен Бекболат ауылына барып, Бірінші Май орта мектебінде жергілікті тұрғындармен жүздесті.

Алдымен мінберге шығып атқарылған жұмыстар жөнінде жасаған округ әкімі Ержас Тоқтасыновтың баяндамасынан өткен жылы назарға алынған бірқатар мәселелер шешімін тапқандығы аңғарылды.  Атап айтқанда, Қайнар ауылындағы кәріз жүйелері жөнделіп, электр қуатының кернеуін арттыру үшін жаңа трансформатор қойылған. Кейбір жолдар жөнделіп, ауылдық амбулаторияға жедел-жәрдем автокөлігі алынған. Ауыз су мәселесін шешу үшін де бірқатар маңызды жұмыстар қолға алынып, жаңа су ұңғымасы үшін жер телімі табылған. Мұндағы бейітте бос орындардың қалмауы да көпшілікті алаңдататын. Енді ол да шеіліп, 4 га жердің құжаттары заңдастырылуда.

Жарыссөзге жазылған азаматтар да бұл айтылғандарды растап, басшыларға алғыстарын айтты. Сонымен қатар, халық атынан Қайнар ауылына дәрігерлік амбулатория салынса, Бірінші Май орта мектебіне күрделі жөндеу жасалса, жолаушылар тасымалдайтын автобустар көбірек болса, жаңа құрылыс аумақтарында жолдар жасалса, қаңғыбас иттер жойылса дегендей ұсыныстарын жеткізді. Өзге де қатысушылар газ, ауыз су төңірегінде сұрақтар қойды. Аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы оларды мұқият тыңдап кейбірін сол жерде тиісті бөлім басшыларына жүктеді.

Ал, түстен кейін жандосовтықтар ауданның бірінші басшысын үлкен ықыласпен қарсы алды. Әдеттегідей жиын тізгінін аудандық мәслихат хатшысы Айтбай Көшкімбаев алып, округтің тыныс-тіршілігімен таныстыру үшін сөз кезегін ауыл әкімі Алпамыс Айдаровқа берді. Оның сөзінен жалпы береке-бірлікте өмір сүріп жатқан халықтың жағдайы тұрақты екені, былтыр жоспарлы жұмыстар жүзеге асқаны белгілі болды. Әсіресе, Шалқар ауылында 600 орындық жаңа мектеп салынып, үлкен бір әлеуметтік мәселе шешімін тапқан. Осы ауылдағы дәрігерлік амбулатория үшін жер телімінің құжаттары реттелуде. Округтегі ауыз су құбырлары да жасалуда.

Осы игіліктердің барлығына өз кезектерінде ризашылығын білдірген тұрғындар алдағы кезде әкімдіктің ғимараты жөнделіп, Шалқар ауылындағы жаңа мектепке баратын жол жасалып, бойына жарық бағаналары қойылса деген тілегін жеткізді. Бұдан бөлек, округке газ тасымалдаушы «Сигма» ЖШС-нің жұмысы да сөз болып, аудан әкімі оларды тікелей назарына алды.

Екі жиынды да өзі түйіндеген Махаббат Садуақасұлы барлық мәселе өз кезегімен шешілетінін айтып, халықты ауызбіршілік пен шыдамдылыққа шақырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях