«Ауылым, өмірім — Көлащы» атты кітаптың тұсаукесері

«Ауылым, өмірім — Көлащы» атты кітаптың тұсаукесері

Ауданымызда туған жердің түтінін түтетіп, оны дәріптеу жолында елеулі еңбек етіп жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі Көлащы ауылының тұрғыны зейнеттегі ардагер ұстаз Тұрсынбала Шуашева десек болатындай. Ол осында өсіп, жетіліп, еңбек етіп, әлі де қоғамдық өміріне белсене араласуда. Ал сүйікті мекеніне деген іңкәр сезімін Тұрсынбала Нұрсейітқызы  Көлащы ауылының құрылғанына 90 жыл толуына арнап шығарған «Ауылым, өмірім — Көлащы» атты кітабына сыйғызыпты. Бүгін ақылман ана осы туындысының тұсаукесерін өткізді.

Көлащы ауылының орта мектебінде өткен іс-шараға мектеп оқушыларынан бастап, ауылдың құрметті азаматтарына дейін жиналды. Кітаптың тұсауын аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы кесіп, барша жиналғандарға таратылды. Қашанда ауылдың көркеюіне атсалысып жүретін азаматшаның жаңа туындысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген ойы автордың бұл еңбегі толық өрбіткендей. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа мұра болып қалатындай Көлащы ауылының тарихы да осында жазылған.

Айта кетсек, кітаптың авторы Тұрсынбала Шуашева 1941 жылдың 4-ші шілдесінде Қошмамбет ауылында дүниеге келген. Тынымсыз еңбек иесі 43 жыл бойы ұстаздық ете отырып, «Қонысы Қарасайдың құтты мекен», «Қазыналы Қарасай» аудандық өлкетану кітаптарын жарыққа шығарып, Қарасай ауданының құрметті азаматы атанған. «Еңбек ардагері», «Ана жүрегі» белгілерінің иегері. Кітапта автор өз ойларын тек прозамен ғана емес жыр шумақтарымен де кестелеген.

Сонымен қатар, іс-шарада барысында концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылып, оқушылар автордың кітабындағы өлең шумақтарды оқып шықты. Басқосу соңында Тұрсынбала Нұрсейітқызы жиналғандардың барлығына алғысын айтып, қонақтар көңілді күймен тарқасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях