Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев кезекті есеп беру жиналысын Жандосов ауылдық округінде өткізді. Округ әкімі Алпамыс Айдаровтың қатысуымен болған жиында осы ауылға қатысты бірнеше мәселелер қозғалды. Алдымен аудан басшысы тұрғындар алдында өткен жылда атқарылған жұмыстың қорытындысын баяндады.
Оның ішінде әрине, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сараптама жасап, жеткен жетістіктер мен әлі де жалғасын тауып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан әкімінің есептік кездесуіне жиналған ауыл тұрғындары жарыссөзге жазылып, өтініштерін ортаға салды. Сондай-ақ, Шалқар ауылының тұрғындарының да ұсыныстары тыңдалды. Мәселен, мәдени ошақтардың қалыптасуы, дәрігерлік амбулаториялар мен жастарға арналған спорт алаңдардың қажеттілігі жайлы айтылды.
Өз кезегінде аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы ауыл азаматтардың айтқандарын ескеріп, соған қатысты тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округтің әкімі Алпамыс Айдаровқа нақты тапсырмалар берді.