Аудандық партияның кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясы өтті

Аудандық партияның кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясы өтті

Бүгін орталық кітапхананың ғимаратында «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясы өтті. Оған партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық мәслихаттың VІІ шақырылым депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағасы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Конференция жұмысын аудандық партия филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов ашып, жүргізді. Күн тәртібіне «AMANAT» партиясы Қарасай ауданында бір мандатты округтер бойынша кандидаттардың тізімі мен партияның Алматы облыстық филиалының кезекті ХХХІІ конференциясына қатысатын 12 делегаттың тізімімен таныстыру сияқты мәселелер қаралды.
Екі мәселе бойынша да Қаныбек Құлжабайұлы сөз сөйлеп, жиынға қатысып отырғандарды бір мандатты округтер бойынша кандидаттар мен облыстық конференцияға қатысатын делегаттар тізімімен таныстырып өтті. Ұсынылған үміткерлер делегаттар тарапынан бірден қолдау тауып, бекітілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралған соң, қажет шешімдер қабылданып, конференция өз жұмысын аяқтады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях