Аудан жастарына арналған бос орындар жәрмеңкесі

Аудан жастарына арналған бос орындар жәрмеңкесі

Ертең, сағат 11:00-де халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының аумағында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Шара барысында ЖОО мен колледж түлектеріне және де NEET санатындағы жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасуға және жұмыс орындары мәселесі бойынша ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылады.

Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы және аудандық жұмыспен қамту орталығы бірігіп өткізетін жәрмеңке Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Осы ретте Қарасай ауданының жастарын ертең өтетін бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях